"Сисем - елдің есігі, ердің бесігі"

Сисем ата!..

Маңғыстаудың ойы мен ҚырҮстірттің бойын мекен еткен елдің ел қорғаған батырлары, қара қылды қақ жарған би-шешен, мыңғыртып мал айдап, өзіне біткен дәулет-мүкәммалын елдікі деп білген сақи-мырзалар,  рубасылары мен рухани көсемдердің әруағы байыз тапқан қасиетті қауым. 

Ендеше, бүгінгідей алмағайып тұста, тәуелсіздікке тәубе айтып, Жаратқанның бергеніне шүкіршілік етіп, елдің амандығына тілек тілеу – адами құндылық, перзенттік парыз, ұрпаққа ұлағат!

Құрметті маңғыстаулықтар және ел қонақтары!

Сіздерді 13-14 қыркүйек күндері Сисем ата және сол қорымдағы ата-баба рухына ел азаматтарының бастамасымен «Құдайға құрмет, Әруаққа ізет - Ұрпаққа міндет!» атты, *Рухани* *жаңғыру* бағдарламасы аясында өтетін жалпыхалықтық шараға қатысуға шақырамыз!

Өтетін уақыты 2019 жылдың қыркүйек айының 13-14 күні,

Өтетін орны: Сисем атадан Сай-Өтес бағытына 10-шақырым

Қазақ күрес жүлдесі:

Түйе палуанға 

1 орын – Ақтау қаласынан 1 бөлмелі пәтер.

2 орын – 1 млн.теңге

3 орын – 500 мың теңге

*

Бүгін "Сисем - елдің есігі, ердің бесігі" атты Сисем атаға және сол қауымдағы ата-бабалар рухына арналған ас беру шарасына Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры ұжымы және театр директоры Н.Мұханов қатысты.

Сисем ата және сол қорымдағы ата-баба рухына ел азаматтарының бастамасымен «Құдайға құрмет, Әруаққа ізет - Ұрпаққа міндет!» атты, *Рухани жаңғыру* бағдарламасы аясында өткен жалпыхалықтық шараға театр ұжымы және театр директоры үлкен ынта білдіріп барды.

"Сисем ата" шарасы жоғары дәрежеде өтті. Ұйымдастырушылар және ұйымдастыруға атсалысқан, қатысушылардың жоғары деңгейде іс-шараның өтуін қадағалаған және келген барша қауымның арқасында барлығы да керемет болды.

Бұл шараны жүзеге асырған Самат Мұсабаев, Еділ Жаңбыршин, Нұржігіт Адайский, Абзал Мендибаев, Аббат Урисбаевқа ризашылығымызды білдіреміз, рақмет!

Осындай шаралар көп болсын!

Назарыңызға рақмет!

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 4564



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>